Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты. «Пандемия мен карантин шектеулері, сауда қатынастарының бұзылуы елдегі іскерлік белсенділікке кері әсерін тигізді. Көптеген ірі кәсіпорындардың көрсеткіші төмендеді. Әсіресе, шағын және орта бизнес қатты зардап шегуде», – деді ол. Осыған орай Үкіметке шағын және орта бизнеске қолдау көрсету туралы тапсырма берді. «Биыл шағын және орта бизнеске қолдау көрсету ең басты назарда болуға тиіс. Үкіметке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бір айдың ішінде осыған қажетті іс-шаралар топтамасын әзірлеуді тапсырамын», – дегенді қосты Президент.