Бұл туралы “Первый канал” эфирінде Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас терапеві, терапия және профилактикалық медицина Ұлттық медициналық зерттеу орталығының директоры Оксана Драпкина айтты, – деп хабарлайды РИА Новости. Оның айтуынша, әдетте жанама әсерлер вакцина ағзаға енгізілген сәттен бастап бір күн ішінде сақталады, сондықтан одан қорқудың қажеті жоқ. “Күдіктенудің қажеті жоқ, одан да мынаны бақылау керек. Тұмауға ұқсас белгілер мен өзіңді тұмауратқандай сезінуің мүмкін. Әлсіздік, аздап ауырсыну, ұйқы қысу, ұйқышылдық, дене қызуы қысқа уақытқа көтерілуі мүмкін. Ол аздап қалтырау болады”, – деді Драпкина.