Қытай полицейлері арнайы операция кезінде COVID-19 вакцинасының үлкен көлемдегі жалған партиясын анықтады

Сондай-ақ, 80-нен астам адамды тұтқындап, үш мыңнан астам қолдан жасалған вакцина тәркіледі. Кун есімді күдікті өткен жылдың қыркүйек айынан бері серіктестерімен келісе отырып, вакцина ретінде қарапайым тұзды ерітінді шығарып келген. Сонымен қоймай, олар өз “өнімдерін” қымбат бағамен сатып отырған”, – деп хабарлады Синьхуа агенттігі. Қазіргі кезде жалған дәрі жасаудың барлық бағыты мен жолдары анықталып, әшкереленді. Сондай-ақ, Қытайдың Цзянсу, Шандун және Пекин провинциясындағы жасырын контрафактілік препараттар сататын орындар мен тарату желілері да жойылды.