Мәскеудегі сот Навальныйды түрмеге қамау туралы шешім шығарды

Мәскеудегі Симоновский соты ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға шешім шығарып, оған үш жарым жыл түрме жазасын тағайындады. Сот Навальныйдың 2014 жылы тергеу изоляторында отырған мерзімін және 2021 жылдың 17 қаңтарынан бері қамауда отырған уақытын алып тастады. Оппозиционер қамауда 2 жыл 8 ай отырады. Навальныйдың үстінен Қылмыстық жазаны атқару федералдық қызметі шағым түсіріп, соттан Навальныйдың “Ив Роше” ісі бойынша үш жарым жылдық шартты жазасын түрме жазасына ауыстыруды сұраған. Саясаткер 2014 жылы “Ив Роше” компаниясынан ақша жымқырды деп 3,5 жылға шартты жаза алған еді.