Алматы облысында жаяу жүргіншілер жолағында әйел мен бала көз жұмды

Алматы облысында 52 жастағы әйел мен сегіз жасар бала жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан кезде көз жұмды, деп хабарлады Алматы облысы полиция департаменті. Жол апаты Қарасай ауданындағы Сауыншы ауылының маңында болған. 52 жастағы әйел баламен бірге жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда оларды Toyota Camry қағып кеткен. Көлікті 23 жастағы Алматы тұрғыны жүргізген, қазір ол қамауда отыр. Тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Ұсталған жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.