Instagram-да лотерея өткізуге болмайды

Енді қазақстандықтарда арнайы келісімшарт болмаса, мұндай ұтыс ұйымдастыруға тыйым салынады. Қасым-Жомарт Тоқаев лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістерге қол қойды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарда арнайы келісімшарт болмаса, әлеуметтік желіде лотерея өткізуге тыйым салатынын айтқан болатын. Министр: “Instagram және басқа да әлеуметтік желілердегі блогерлердің өткізітен түрлі конкурс және ұтыс ойындары заң бойынша оны лотерея деп атауға болмайды.

Лотерея болмай, солай аталып жасалатын шаралардың жарнамасы тергеледі және жауапқа тартылады. Ұтыс ойындары лотерея деп аталмау керек. Бұл мүлдем басқа нәрсе” деген болатын.