Коронавирус белгілері байқалмайтын азаматтар басқаларға қауіп төндіруі мүмкін

Ауру белгісі жоқ науқастардан инфекцияны жұқтыру деректері сирек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды 24.kz.

Сарапшылардың айтуынша, ұйымның мұндай шешім шығаруына зерттеу жұмыстарының нәтижелері себеп болған. Түрлі елдегі жағдайды зерттегенде сырқат белгілері жоқ тасымалдаушылардың басқаларға вирус жұқтыруы өте сирек кездесетіні анықталған.

Жалпы, ұйымның дерегінше, бүгінде әлем халқының 41 процентінде ауру белгілері байқалмауы мүмкін. Бірақ солардың қаншасы өзгелерге вирус жұқтыра алатыны белгісіз. Қазір Қазақстанда коронавирус белгілері байқалмайтын азаматтардың жалпы саны – 2529. Ресми дерек бойынша, республикамызда 13319 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. 8015 адам аурудан айықса, 61 адам COVID-19 вирусынан қайтыс болған.