Қарағанды фармацевтика кешені Қазақстан аумағында коронавирусқа қарсы “Спутник V” вакцинасын тіркеу рәсімін аяқтады, деп хабарлайды кәсіпорынның баспасөз қызметі. Қазақстан – “Спутник V” вакцинасын мақұлдаған 27-ші мемлекет. Алдын ала есептеулер бойынша, ақпан айының соңында Қазақстанның барлық өңіріне Қарағанды фармацевтика кешені өндірген “Спутник V” вакцинасының 90 мыңға жуық дозасы жеткізілмек.