Ермек Алпысов Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды

Ұлттық экономика вице-министрі болған Ермек Алпысов Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмылдыру дайындығы, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелеріне, сондай-ақ еңбек қатынастарына жетекшілік етеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жаңа орынбасарды облыс әкімі Жеңіс Қасымбек аппараттық кеңес барысында таныстырды. Ермек Алпысов Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, ол 1971 жылы дүниеге келген. Ол 12 ақпанда экономика вице-министрі болып тағайындалған Әлішер Әбдікәрімовтің орнына келді.