Вирусологтардың соңғы зерттеулері коронавирустың әлсіреп жатқанын көрсеткен. Италиялық вирусолог Массимо Клементи осылай деп мәлімдеді.
Италиядағы жергілікті дәрігерлердің айтуынша, мамырда ауруханаға түскен науқастарда коронавирустың асқынуы аса байқалмаған. Ғалымдар осыған дейін Қытайда, Еуропада, АҚШ-та тараған вирустарды зерттеп, сараптама жүргізген деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Айтуларынша, вирустың бұл түрі таяуда әлсірейді. Адамдарда тек респираторлық аурулардың белгілері ғана болуы мүмкін. Дәрігерлер зерттеу жұмыстарына сүйеніп, күзде пандемияның екінші толқыны болмайды деп сенім білдіріп отыр.