ӨКҚ брифингінде Петропавлдағы көпқабатты үйден шыққан өрттің себебі аталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. СҚО ТЖД басшысы Рамиль Камалов көпқабатты ғимараттан 7 газ баллоны, оның ішінде жарылған баллонның да шығарылғанын айтты. Өрттің шығуына да сол себеп болған. Сондай-ақ, ол тыйым салынғанына қарамастан баллондарды пайдаланған кафелерді атады. Газ баллондар үй тұрғындарының ас үйінде де болған. Бұрынғы жатақхана орталық газға қосылмаған. Айта кетейік, бұрынғы жатақхана ғимаратында 21 ақпанда өрт шыққан еді. 120 адам эвакуацияланды, 2 адам қайтыс болды. Қазір тұрғындар университет жатақханасына орналастырылды. СҚО әкімінің айтуынша, пәтер иелері қаржылай көмек алады, ал үй бюджет есебінен қалпына келтіріледі.