Елорданың бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, іскерлік үйлер мен бизнес орталықтарына демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат берілді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында жария етілді. Жексенбі күндері қаланың сауда-ойын-сауық орталықтары сағат 10:00-ден 23:00-ге дейінгі жұмыс істейді. Десе де аталған нысандарда орналасқан аттракциондардың, ойын алаңдарының, мұз айдындарының және ролик орындарының жұмысына тыйым салынады. Фудкорттардың жұмысы тек өзімен бірге алып кетуді есептемегенде курьерлік жеткізуге ғана рұқсат етіледі. Онлайн форматты қоспағанда, түрлі акциялар, жәрмеңкелер, шоурумдар, ұтыс ойындарын өткізуге тыйым салынады