Онкологиялық ауруы бар балалар шипажайының директоры үйқамаққа алынды

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ерекше маңызды істері бойынша тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді. Бұған дейін де омбудсмен Аружан Саин ондағы ақша жымқыру ісі туралы жариялаған. “Алатау” балалар клиникалық санаторийінің директорына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр. “Ол 2015-2021 жылдар аралығында өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып, өзіне пайда табу мақсатында аса ірі мөлшерде ақшалай қаражат бөлген, ол тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламалары бойынша оңалтудан өтетін балалардың ата-аналарынан көрсетілген мекемеде тұрғаны, тамақтанғаны және емделгені үшін төлем алған”, – дейді Биғайдаров. Мәліметке сәйкес, қаржы жетіспеуі санаторийде оңалтудан өтіп жатқан балаларға тамақ жетіспеушілігіне әкеліп соққан.