Петропавл қаласының тұрғыны балаларына жасанған азғындық әрекеттерін видеоға түсірген. Бұл туралы Қылмыстық-атқарушы жүйе департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Бүгінде әйел СҚО-дағы EC-164/6 мекемесінде қамауда отыр. Сот отырысында балаларының психикалық дамуына зиян келтірген айыпталушы өзінің кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді. Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, әйелден писхикалық аутықушылықтар байқалған. Сот оны кәмелетке толмағандарды азғыру бабы бойынша кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге қатысы бар педагогикалық қызмет атқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.