Қазақстанда өрт сөндірушілердің жалақысы өсті

Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірушілердің жалақысы туралы айтты. 20 жылдан аса еңбек өтілі бар өрт сөндіруші 177 мың теңге жалақы алады деп хабарлады ведомоствоның ресми өкілі Талғат Уәли. Былтырдан бастап өрт сөндірушілердің жалақысы 20 пайыздан 65 пайызға дейін өсті. Азаматтық қорғау органдарының 19 мыңнан аса қызметкерінің жалақысы артқан. Ал бір жылға дейінгі еңбек өтілі бар азаматтық қорғау сержантының жалақысы 108 000 теңге болды.