Он бір банк қазақстандықтарға үндеу жасады

Он бір банк алаяқтардың шабуылы жиілеп кетуіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. “Алаяқтар хабарласып, өзін банк қызметкері деп таныстырады. Олар күдікті операция орындалып жатқанын айтып, клиент шотынан ақша аудару үшін деректерді сұрайды. Мысалы, жеке кабинетте құпиясөзді ауыстыруды сұрайды, жаңа құпиясөз бен SMS-хабарлама арқылы келген құпия кодты айту керек дейді”, – деп хабарлады қазақстандық банктер. “Естеріңізде болса, алаяқтар адамды қорқытып, ақшаны тез арада беруге мәжбүрлейді. Ойлануға, жағдайды түсінуге мүмкіндік бермейді. Өзіңізді қорқытуға жол бермеңіз, абай болыңыз!”,- деді қазақстандықтарға банктегілер.