Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі, Телемедицина орталығының басшысы Лаура Мырзағали осылай деп мәлімдеді онлайн брифингте. “Дәрігерлер ұшақ апатына ұшырағандардың өмірі үшін күресіп жатыр. Қазір науқастар №4 қалалық ауруханада. Тез сауығып кетуін тілейміз. Әзірге жағдайлары ауыр”, – деді Лаура Мырзағали. Айта кетейік, 13 наурыз күні Алматы әуежайы маңындағы Қызылту ауылында Ұлттық қауіпсіздік комитеті әуе қызметінің АН-26 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында болған алты кісінің төртеуі қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілген еді.