Елімізде дәрігерлер мен IT мамандары жетіспейді

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі осылай деп мәлімдеді. “Жыл басында құрылысшылар мен қызмет көрсету саласындағыларға да сұраныс көп болды. Ал қазір бұл көрсеткіш кеміп, ауылшаруашылығы жұмысшылары тапшы болып барады», – дейді вице-министр Ержан Біржанов. Сол себепті қазір қажетті мамандықтар атласы жасалды. Болашақта қандай мамандықтар жойылады, қандай мамандықтар трансформацияға ұшырайды, қандай мамандықтар сұранысқа ие болады, осының бәріне сараптама жүргізілді. «Жол картасы 2021» бағдарламасы тағы да ұзартылды. Бұл бағдарламаға көп сын айтылғандықтан Еңбек картасы бойынша жаңа тәсілдер қабылданды. Инфрақұрылымдық жобалар саны азайды. Алайда жаңа бақылау түрлері енгзілді.