Еңбекшіқазақ ауданының 37 жастағы тұрғыны өз әрекетін садақа жәшігінің қолжетімді жерде тұрғанын қалағанымен байланыстырды. Ол Рамазан айында мешіттегі ұрлыққа ешкім бармайды деп ақталған. Нарынқол ауылының имамы жалпы сомасы 150 мың теңгеге тең садақа жәшігі ұрланғанын айтып, полицияға арызданған. Мұсылмандар қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айында жасалған бұл ұрлық қоғамда наразылық тудырды. Қолға түскен ер адам қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша тергеу амалдары Райымбек аудандық полициясының тергеушілеріне тапсырылды. Аталған бапта мұндай қылмыс үшін кінәліге 1000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде (1 АЕК – 2 917 теңге) айыппұл салу қарастырылған. Сонымен қатар, түзеу жұмыстарына тартылады немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеліп, мүлкі тәркіленеді.