Таразда жасөспірімдер арасындағы жанжалдың мән-жайы анықталып жатыр

Мектеп оқушылары арасындағы атыстан зардап шеккендер бірнеше күннен соң ауруханадан шығарылады. Дәрігерлердің айтуынша, олардың өміріне төнген қауіп жоқ. Ал құзырлы орын мен білім бөлімі болған жағдайды бес күн бойы жасырған деп хабарлайды “КТК” телеарнасы. Жаппай тәртіпсіздікке қанша адамның қатысқаны белгісіз. Ал жарақат алғандар саны үшеу. Оның біреуі – колледж студенті, екеуі 11 сынып оқушысы. Денесі бытыраға тұнып қалған жәбірленушілер әлі ауруханада жатыр.”Бытыраның көптігіне байланысты ота жасалды. Бүгінде жағдайы тұрақты”, – дейді Жамбыл облысы көпбейінді балалар ауруханасының бас дәрігері Азат Сәтжанов.