3016 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 28 адам қайтыс болды

Сәрсенбі күні 2893 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Барлығының коронавирус тесті оң шыққан. Бұл бұрын-соңды тіркелмеген жоғары көрсеткіш. Соңғы рет ең жоғары көрсеткіш 10 сәуірде тіркелген, ол кезде 2 842 науқас анықталған еді.
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пневмониясы мен адам өліміне қатысты екі күн бұрынғы мәліметті жариялап жүр. 20 сәуірде 123 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 28 адам қайтыс болған: 24 адамның өліміне – коронавирус, 4 адам өліміне коронавирус пневмониясы себеп болды деп айтылады.
Өткен тәулікте Алматыда 695 науқас тіркелген. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш.