Қазақстанда 26 сәуірден бастап халыққа коронавирусқа қарсы отандық вакцина егіле бастайды

26 сәуірден бастап халыққа коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac (бұрын QazCovid-in деп аталған) вакцинасы егіле бастайды. Бұл туралы бейсенбі күні ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасаған Sputnik Kazakhstan агенттігі хабарлады. Агенттіктің жазуынша, вакцинаның алғашқы 50 мың дозасы жақын арада “СК-Фармация” компаниясының (мемлекеттік ауруханаларға дәрі-дәрмек жеткізетін бірыңғай дистрибьютор) хабтары арқылы Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкент қалаларына жеткізіледі. Вакцинаның тағы 50 мың дозасы мамыр айында шығарылады. Кейінірек айына 500-600 мың дозаға дейін вакцина өндіру жоспарланып отыр.