Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Егер осы топтардың арасында қазақстандық вакцинаны алғысы келгендер болса, оларға бірінші салынады. Одан кейін вакцинаның қолжетімділігін ескеріп, кез келген адам салдыра алады. Бүгінде қазақстандықтарда таңдау бар: “Спутник V” немесе QazVac-ты салғыза алады”, – деді ол баспасөз мәслихатында. Айта кетсек, Қазақстан өңірлеріне отандық QazVac вакцинасы жеткізіле бастады.