Қытайда бұрынғы қорғаныс министрлері сыбайлас жемқорлық ісі бойынша өлім жазасына кесілді

Қытайда бұрынғы қорғаныс министрлері сыбайлас жемқорлық ісі бойынша өлім жазасына кесілді.

Олар – Вэй Фэнхэ мен Ли Шанфу. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады. Үкімді орындау кейінге қалдырылғанымен, жазаны жеңілдету немесе шартты түрде босату мүмкіндігі қарастырылмайды.

Екеуі де пара алу және беру баптары бойынша кінәлі деп танылды. Олардың мүлкі тәркіленіп, өмір бойына саяси құқықтарынан айырылды.