Биыл Салық кодексіне түзетулер енгізілуі мүмкін.
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Үкіметтегі брифингте осылай деді. Вице-премьер Президент айтқан және арнайы жобалық кеңсе талқылап жатқан түзетулерді жаңа Құрылтай қарайтынын нақтылады. Құрылтай жұмысын күзде бастайды.
«Түзетулердің екі түрі бар. Конституция өзгерістеріне байланысты түзетулер қазір Мәжілісте қаралуда. Біз “basket-package” деп аталатын топтаманы қалыптастырып жатырмыз. Міндетті түрде енгізілетін түзетулер шамамен елуге жуық болады. Биыл оны жыл соңына дейін қабылдаймыз деп үміттенеміз», – деді Жұманғарин.
