Парламент тиісті өзгерістер енгізілген заңды қабылдады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Сенатта кейбір заңнамалық актілерге банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеуге қатысты өзгерістер енгізу туралы заң жобасы екі оқылымда қаралды. Құжатта кредит тарихы нашар адамдарға аса қажет болған жағдайда несие алуға мүмкіндік беретін норма көзделген. Егер бұрын кредит тарихын сақтау мерзімі 10 жыл болса, бүгінде кредитін өтеген және қазір берешегі жоқ адамдарға қатысты бұл мерзім 5 жылға дейін қысқартылады. 490 мыңға жуық отандасымыз қажет болған жағдайда банктер мен микроқаржы ұйымдарынан кредит ала алады”, – дейді сенатор Ольга Перепечина.