Сенат Коллекторлар туралы заңның жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Құжат олардың жұмысын реттеуге бағытталған. Енді коллектор займ алғандарға бөтен телефон нөмірінен хабарласа алмайды. Олардың туыстарын да мазалауға рұқсат берілмейді. Ал байланысқа шыққан кезде міндетті түрде аудио/бейне жазба жүргізетін болады. Сондай-ақ заң жобасында микроқаржы ұйымдарының әрекеттері де қарастырылған. Мәселен, олар несиенің толық сомасын келісімнің бірінші бетінде жазуы тиіс. Жарнама жасағанда жылдық мөлшерлеме туралы ақпаратты да беру көзделген. Ал несиесін 180 күн бойы төлемегендерге комиссияны есептеу тоқтатылады.