Үкімет басшысы Асқар Мамин қазіргі кезде өзін-өзі оқшаулап, бейнебайланыс арқылы кестеге сай жұмысын жалғастыруда, деп мәлімдеді премьер-министрдің баспасөз қызметі.
“Премьер-министр Асқар Мамин 12 маусым күні денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен бірге Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды. Біртановтың COVID-19 анализінің оң нәтиже көрсетуіне байланысты үкімет басшысы ПТР тестілеуден өтті – нәтиже теріс”, – деді баспасөз қызметінің жетекшісі Зарина Нұрланова.
Айта кетейік, сапар барысында денсаулық сақтау министрі тыныс алу маскасымен жүрген.