Біртановпен кездескен Сапарбаев өзін-өзі оқшаулады

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғаны анықталғаннан кейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзін-өзі оқшаулады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Сапарбаевтың оқшауланғанын растады. Бердібек Сапарбаевтың жұмыс процесі онлайн режимге көшірілді. Облыс әкімінің тест нәтижесі теріс шыққан.

Айта кетерлігі, 12 маусымда Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысына сапары барысында Асқар Мамин және Елжан Біртановпен кездескен еді. Үкімет басшысы Асқар Мамин де өзін-өзі оқшаулады.