Жақында бір үйдің екі қойы түнде арам өлген. Тұрғындардың айтуынша, малдың танауына маса кіріп, тұншыққан. Тұрғындардың өзі де маса мен шіркейдің көптігінен далаға шығудан қалған деп хабарлайды “Астана” арнасы. Аудан атқамінерлері қансорғыштарды улау жұмыстары жүргізіліп жатыр дейді. Ал халық “нәтиже жоқ” деп ашулануда. “Ақтоғай ауданының бюджетінен 1 млн 380 мың теңге ақша бөлінді. Ол ақшаның 510 мыңы препарат сатып алуға, 288 қалған сомасы уландыру жұмыстарын жасауға бөлінді. Өтес ауылы мен Жиек ауылдардың барлығында уландыру жұмыстарын бастадық. Бүгінгі күні төрт рет уландыру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыс әлі де жалғасады,” – дейді Ақтоғай ауданы әкімінің міндетін атқраушы Ермек Машрықов. Айта кетйік, осыдан екі апта бұрын Павлодар ауылында масадан құстар қырылған еді. Жұрт 100-ге жуық қаздың балапаны мен қаздан айырылған.