Алматыда пластикалық хирург сотталып жатыр

Хирург Дмитрий Писаревке науқастың қайтыс болуына кінәлі деп айып тағылған деп хабарлайды Tengrinews.kz. Іс Алматы қаласы № 2 Бостандық ауданы сотында онлайн-режимде қаралып жатыр. Ол сотта кінәсін мойындамады. Айта кетейік, 2019 жылы тамызда кеудені көтеруге жасаған операциядан кейін бортсерік Лаура Ізбасарова қайтыс болды деген айыппен хирург қамауға алынған болатын. Процедура кезінде қыздың жағдайы нашарлап, ол басқа клиникаға жеткізілді. Дәрігерлер пациенттің өмірін қанша сақтап қалуға тырысқанымен оның өміріне араша түсе алмады. Дмитрий Писарев бұған дейін де сотталған. 2018 жылдың соңында ол 33 жастағы Украина азаматшасы Дана Агамурадоваға липосакцияға жасаған. Артынша операциядан кейін ауырып, қайтыс болды. Оның өліміне кінәлі деп танылған хирург істің ескіру мерзіміне байланысты жазадан босатылған. Наурызда сот Писаревті лицензиясынан айырғанымен дәрігер операция жасауын тоқтатпаған. Зардап шеккен науқастың адвокаты осылай деп шағымданған еді.