Экс энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевтің ісі Байқоңыр ауданының № 2 қалалық сотында жалғасады. Басты сот талқылауының күні 28 маусым деп белгіленді. Бұған дейін қылмыстық іс заң бұзу дерегін жою үшін прокурорға жіберілген. Нәтижесінде бұрынғы вице-министрлер ұрлады деген ақша сомасы 778 миллион теңгеге азайтылған. Ол үшін жаңадан сараптама алынып, нәтижелерін ескере отырып, бұрынғы айып бойынша сотқа қайта берілген. Бұрынғы энергетика вице-министрлері және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы Қарасу көлін тазалауға және санациялауға бөлінген 2 миллиард 680 миллион теңге ақша жымқыру дерегі бойынша қаралады.