Елорда әкімі Көлгінов қала тұрғындарына үндеу жасады. Ол коронавирус инфекциясының жұқтыру көрсеткіші азаймаса, локдаунға қайта оралуға тура келетінін айтты.Тәуекел тобындағы азаматтарға міндетті түрде вакцина алғаны жөн,- деді Көлгінов. Бұл топқа педагогтар, медицина қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, мектеп, балабақша, университет қызметкерлері, қызмет көрсету салалары, яғни ХҚО, банктер, СОО/СҮ, шаштараздар, сұлулық салондары, талапкерлер (18 жасқа толған), одан бөлек, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметкерлер жатады. Қала басшысы егер аталған ұйым қызметкерлері вакцинацияланбаса, нысанның жұмысы тоқтатылатынын ескертті.