Арал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Қызылорда облысындағы ауданда 500-ден астам мал арам өлген. Олардан сынама алған мамандар малдың аурудан емес, аштықтан қырылғанын растады. Аудан да төтенше жағдай жарияланғанымен, мамандар мал шығыны өтелмейді дейді. Арнайы бөлінген қаржы бірінші кезекте, төрт түліктің жем-шөп тасымалына қажетті жанар-жағармайға, жайылымдарда бітелген суаттардың көзін ашуға жұмсалады.