Әлеуметтік желіде қазақстандық ата-аналарды балаларына коронавирусқа қарсы вакциналаудан бас тартқаны үшін жазалайтыны, тіпті ата-ана құқығынан айыратыны айтылған видео тарады. Видеоны Айна Бәкеева деген әйел Нұр-Сұлтан қаласында министрліктер үйі маңында түсірген. Әйел балаларды коронавирусқа қарсы вакциналаудан бас тартуды зорлық-зомбылық деп атайды. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды StopFake. “Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Балаларға жасалатын барлық медициналық манипуляциялар тек ата-аналардың келісімімен ғана жүргізіледі”, – деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Айта кетейік, қазір Covid-19 инфекциясына қарсы вакцина тек кәмелет жасына толғандарға ғана салынады.