Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев 15 шілдеден бастап тексеріс болмайтынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Қарастыру мерзімі 19 шілдеге дейін. 19 шілдеден кейін қызмет көрсету саласы үшін вакцинация мерзімін ұзартудың жаңа алгоритмі белгілі болады. Кеше ВАК міндетті вакцинация мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады. Мемлекеттік органдар мәселені қарайды және қызмет көрсету саласының қызметкерлері үшін ұсыныстар енгізеді. 15 шілдеден бастап тексеріс болмайды”, – деді Байтанаев.