Алматыда Hyundai жүргізушісі тротуарда екі қызды қағып кетті

Алматыда көлік жүргізушісі тротуарда екі қызды қағып кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Istagram-дағы meganews.kz парақшасында Алматы тұрғынының үндеуі жарияланды. Ол 1 маусымда сағат 18.15-те “Алтын орда” тұрғын үйінің маңында Ходжанов көшесінің бойында оның әйелі мен әріптесін көлік қағып кеткенін айтқан. Жазба авторының сөзінше, екі жәбірленуші тротуарда келе жатқан. Оның бірі бірнеше метр жерге, екіншісі дуал мен көліктің ортасында қысылып қалған. Автор күдікті жауапкершілікке тартылмағанына сенімді. Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов оқиғаның мән-жайын Бостандық аудандық ПБ тексеріп жатқанын хабарлады.