Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Алматыда World Business Consulting қаржы пирамидасын құрған бірнеше адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар азаматтарға үлестес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаржы құюды ұсынған. Бұл компаниялар заңды қызметтен емес, жаңа салымшылардың қаражаты есебінен сыйақы алуға кепілдік берген. “Қазір тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады агенттік. Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарды сақ болуға және өз жинағын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырды.