Қарин: Ауыл әкімі сайлауына үміткер ретінде тіркелгендердің басым бөлігі – өз-өзін ұсынғандар

14 шілдеде Қазақстанда аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлауға үміткерлерді тіркеу аяқталды. Бұл туралы президенттің көмекшісі Ерлан Қарин Телеграмдағы арнасында хабарлады. Ол “кандидаттардың басым бөлігі – 1419 адам немесе 61,8%-ы өз-өзін ұсынғандар” екенін атап өтті. Заңға сәйкес, ауыл әкімі болып “Мемлекеттік қызмет туралы” заңға сай біліктілігі бар 25 жасқа толған кез келген азамат сайлана алады. Саяси партиядан бөлек, сайлаушылардың жалпы санының кемінде бір пайыз қолын жинаған тәуелсіз кандидаттар да сайлауға түсе алады.