Балуан Нұрислам Санаев финалға шыға алмады

Балуан Нұрислам Санаев финалға шыға алмады. Токио Олимпиадасының еркін күрес жарысында Санаев үндістандық Кумар Равимен кездесті. Қазақстандық балуан қарсыласын 9:2 есебімен жеңіп тұрып, жеңіліп қалды. Енді ол қола медаль үшін таласады. Бұған дейін ширек финалда Санаев жапон Юки Такахасиден басым түскен. Ал1/8 финалда Санаев Гвинеи-Бисау өкілі Диамантино Юна Фафені жеңген еді.