Алматы облысында локдаун жарияланады

Алматы облысында локдаун жарияланады. Бұл туралы облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев мәлімдеді. Аймақ бойынша КВИ өсу қарқыны артқан. «Балалар мен ересектерге арналған білім орталықтарының, ашық және жабық базарлардың, қоғамдық тамақтану нысандарының, жазғы алаңдардың, сауда үйлері мен қоғамдық көліктің банктердің, ХҚО-лардың, «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің, діни нысандардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің, спорт кешендерінің, спорттық-сауықтыру орталықтарының, казинолардың, ойын-сауық, бұқаралық, отбасылық, естелік іс-шаралардың қызметіне тыйым салынады», – деді Асхат Чарапиев.