Аймақтан әлі қанша адам шығарылатыны белгісіз. Елдің қорғаныс министрлігі қолдан келгенше көп азаматты шығарады деп уәде етіп отыр. Қазір Кабул әуежайында жиналған жұрттың қарасы қалың. АҚШ билігінің хабарлауынша, тамыздың 14-інен бастап әуежайдан 37 мыңға жуық адам шығарылды. Тәліптер болса эвакуациялау мерзімін одан әрі ұзартпаймыз дейді. Яғни шетел әскерін тамыздың соңына дейін түгелдей елден шығарсын деген талап қойып отыр. «Талибан» қозғалысының өкілі төлқұжаты мен визасы бар кез келген адам Ауғанстаннан шыға алатынын айтады.