“Талибан” көшбасшылары Ауғанстанды басқару үшін 12 адамнан тұратын кеңес құруға ниетті

“Талибан” көшбасшылары (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) Ауғанстанды басқару үшін 12 адамнан тұратын кеңес құруға ниетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Басылым мәліметінше, басқарушы кеңестегі ең ықпалды үш адам – “Талибан” ауған қозғалысының жетекшісі Абдул Ғани Барадар, ауған әскери қайраткері, молда Мохаммад Омардың ұлы Мохаммад Якуб, “Хаккани желісі” тобындағы жоғары дәрежелі тұлға, соңғы 20 жылдағы ең ірі террорлық шабуылдарды ұйымдастырушы, БҰҰ мен АҚШ-тың қара тізіміне енген Халил Хаккани. Ауғанстанды басқарудың бұл стратегиясы, “Талибан” қозғалысының бұрынғы басшылары, оның ішінде молда Омар да отыруды көздеген “президент” немесе “әмір” сияқты позицияларды қалпына келтіруге жол бермейтіні анық. Алайда мұндай стратегия фракциялық күреске жол ашады, басқарушы кеңестің орталығы Панжердегі халыққа тәліптерге қарсы күресуге мүмкіндік береді.