Жамбыл облысындағы жарылыстан 90-ға жуық адам ауруханаға түсті. Оның 49-ы – төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері. Оқиға орнында төтенше жағдай министрі бастаған жедел топ жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Еске сала кетейік, 26 тамыз кешкі уақытта Қорғаныс министрлігіне қарасты 28349 әскери бөлімнің қоймасы өртенді. Ол Тараз қаласынан 30 шақырым жерде Королевка кентінде орналасқан.