Шымкентте карантиндік шектеу шаралары ұзартылды

Шымкент қаласында карантиндік шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бүгін шаһардың Бас санитар дәрігері кезекті қаулысын шығарды. Оған сәйкес, барлық бұқаралық іс-шараларға тыйым салынған. Қалада 65 жастан асқан тұрғындардың сыртқа шығуы шектеледі. Ал қоғамдық тамақтану орындарында кальянды пайдалануға болмайды. «Ashyq» жүйесіне қатысатын кәсіпкерлік субъектілеріне демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат берілді. Алайда онда тек жасыл мәртебесі бар азаматтар ғана кіре алады. Айта кетерлігі, соңғы тәулікте мегаполисте тағы 150 адам ковид жұқтырған.