Студенттердің шәкіртақысы 20% өсті

Енді жоғары оқу орындарының студенттеріне ай сайын 31 мың 423 теңге төленеді. Соның ішінде педагогикалық және денсаулық сақтау салаларында оқып жатқандардың шәкіртақысы 50 мың 400 теңге болып бекітілді. Сондай-ақ бұдан былай магистр дәрежесіндегілер 76 мың 950 теңге, докторантурада білім алып жатқандар 172 мың 500 теңге алады. Ал колледж студенттерің шәкіртақысы 20 мың 948 теңге болып өзгерді.