Covid: 2,8 мыңнан астам науқас анықталды, 83 адам қайтыс болды

13 қыркүйекте 2 801 адамның анализінен коронавирус анықталды. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда шамамен 300 адамға аз. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Алматыда 611 адамнан коронавирус анықталған. Алматы қаласы коронавирустың бір күндік көрсеткіші бойынша республикада алдыңғы орында тұр. Дүйсенбі күні Қарағанды облысында 381 науқас тіркелген. Астанада бір күнде 324 адамнан инфекция анықталған. Індет басталғалы бері 845 мың адамның ПТР тесті оң шыққан. 10 427-ы қайтыс болған. Жексенбі, 12 қыркүйекте Қазақстанда коронавируспен байланысты 83 адам өлімі тіркелді: 73 адам – коронавирустан, 10 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.