Ауғанстаннан эвакуацияланған қазақтар бес облыстың бірін таңдай алады

Өткен аптада Ауғанстаннан эвакуацияланған 35 қазақ бес облыстың бірінде қоныстана алады. Бұлар: Павлодар, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары. Бұл туралы Informburo сайты жазды. Ақпаратқа қарағанда, Ауғанстаннан келген әрбір отбасына 204 мың теңгеден беріледі. Бұған қоса, бір жыл бойы ай сайын баспана жалдауға 87 мың 500 теңге қаржылай көмек көрсетіледі. Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлының айтуынша, жоғарыда аталған жеңілдіктер Ауғанстан қазақтары аталған облыстарға қоныстанса ғана беріледі.