Томирис Байсафаның анасы Ресей Федерациясы тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкинге үндеу жолдады. Осыдан кейін комитет басшысы тергеудің қалай атқарылғанын және осы оқиғаның мән-жайы бойынша есеп беруге тапсырма берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Тергеу комитетінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, әлеуметтік желіде қайтыс болған қазақстандық студенттің анасы Жанна Ахметованың үндеуі жарияланды. Ол тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкиннен институт проректорына қатысты қылмыстық іс қозғауды сұрайды. Себебі жоғары оқу орнының проректоры жауапқа тартылған күдіктімен таныс болған және қылмысты жасыруға жағдай жасаған.