ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті

Қазақстан ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Шекара қызметімен бірлесе Петропавл қаласының тұрғындары ұйымдастырған заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, департамент қызметкерлері тұрғын үйден жалған құжаттар (026/у нысанына сәйкес диагноз бен емделу мерзімін растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындылары, шетел медициналық ұйымдарынан емделуге шақыру хаттар, ПЦР-тестілер) жасайтын “жасырын” цех ашқанын анықтаған. Оларды короновирус пандемиясына байланысты карантин шектеулері қолданылған кезеңде Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны кедергісіз кесіп өту үшін Қазақстан азаматтарына сатқан.